Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы № 126-II Заңы (2026.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

7) заңды тұлға болып табылмайтын ұйым - шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес құрылған (тіркелген), олардың шет мемлекетте заңды тұлға мəртебесіне ие болуына не болмауына қарамастан, дербес ұйымдық-құқықтық нысандар ретінде қаралатын қор, серіктестік, траст, компания, əріптестік, ұйым немесе басқа да корпоративтік құрылым;

2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды

7-1) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы - Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

7-2) капиталға жанама қатысу - заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның, заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның ірі қатысушысының жəне (немесе) заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның бірлесіп ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін дауыс беретін акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не басқа заңды тұлғаға немесе заңды тұлға болып табылмайтын басқа ұйымға үлестік қатысудың басқа да нысандарын иелену жəне (немесе) пайдалану жəне (немесе) оларға билік ету арқылы айқындау мүмкіндігі;

8) 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)

8-1) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы - Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыратын, заңды тұлға болып табылмайтын оқшауланған бөлімшесі;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)

8-2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы - Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру қызметін (қайта сақтандыру қызметін) жүзеге асыратын, заңды тұлға болып табылмайтын оқшауланған бөлімшесі;

9) қайта сақтандыру - өздерiнiң арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес бiр жағынан қайта сақтанушының сақтандыру тәуекелдерiнiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн қайта сақтандыруға беруiне және екiншi жағынан осы тәуекелдердi қайта сақтандыру ұйымының қабылдауына байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар;

10) қайта сақтандыру ұйымы (қайта сақтандырушы) - уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;

11) қайта сақтанушы (цедент) - өзi қабылдаған сақтандыру тәуекелдерiн қайта сақтандыруға берудi жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

11-1) құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты - сервистік компания мен «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 1-тармағында аталған тұлға немесе «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлға немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасында жасалған, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты;

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12) тармақша жаңа редакцияда; 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) мінсіз іскерлік бедел - адамның, оның ішінде:

аталған адамның қаржы ұйымын мəжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкке реттеу режимін қолдануға алып келген құқыққа қайшы əрекеттерді (əрекетсіздікті) жасау;

аталған адамның алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы, оның ішінде адамға қаржы ұйымының, банк жəне (немесе) сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкері лауазымын атқару жəне қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы;

қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті органның мəліметтері негізінде əрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болуы фактілерінің жоқтығымен расталатын кəсіпқойлығы мен адалдығы;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13) ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) - бір мезгілде бірнеше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру тәуекелдерін өздерінің арасында жасалған бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жауапкершіліктерін бөле отырып қабылдауына байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды

13-1) ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты - сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылардың бірлескен қызметі туралы шарт шеңберінде сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар мен сақтанушы (цедент) арасында жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты;

14) өздiгiнен ұстап қалу - жауаптылық көлемiнiң бiр бөлiгi, соның шегiнде сақтандырушы немесе қайта сақтанушы (цедент) сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартына сәйкес өз есебiнен жауапты болады;

15) пруденциялық нормативтер - уәкiлеттi орган белгiлейтiн және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтауы үшiн мiндеттi нормативтер;

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16) тармақша өзгертілді

16) сақтандыру агентi - сақтандыру агенттерінің тізіліміне енген және тапсырыс шарты негізінде бiр немесе бiрнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және олардың тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалы;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

17) сақтандыру брокері - сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандырушымен сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушының атынан өкілдік ететін немесе сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын және (немесе) қайта сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру шарттарын жасасу бойынша өз атынан делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

18) сақтандыру ережелерi - сақтандыру ұйымының белгiлi бiр сақтандыру түрi бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын құжаты;

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

18-1) сақтандыру есебі - дерекқорда бар ақпаратты толық немесе ішінара беру нысаны;»;

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 18-2) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

18-2) сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқор (бұдан әрі - дерекқор) - сақтандырушы, сақтанушы, сақтандырылушы және пайда алушы туралы ақпараттың жиынтығы (оның ішінде электрондық нысанда);

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 18-3) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18-3) тармақша жаңа редакцияда

18-3) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы - қатысушылары арасында немесе қатысушылары мен сақтандыру брокері арасында белгілі бір мерзімге жасалған бірлескен қызмет туралы шарт негізінде сақтандырудың жекелеген сыныбы, түрі немесе белгілі бір сақтандыру тәуекелі бойынша сақтандыру қызметін бірлесіп жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бірлестігі;

19) сақтандыру қызметiнiң субъектiлерi - сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары;

2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

19-1) сақтандыру міндеттемелері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сəйкес актуарийлік есептеулер негізінде бағаланатын міндеттемелері;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20) сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылар - өз қызметін уәкілетті органның тиісті лицензиялары негізінде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы, актуарий;

21) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

22) сақтандыру портфелі - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар, қайта сақтандырылушылар) алдында міндеттемелері болатын не міндеттемелері туындауының ықтималдығы бар, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша, оның ішінде қолданылу мерзімдері өткен сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған тәуекелдер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жиынтық міндеттемелері;

2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

23) сақтандыру резервтерi - пруденциялық нормативтерді есептеу мақсаттары үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша актуарий есептеулерi негiзiнде бағаланатын мiндеттемелерi;

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды

23-1) сақтандыру тәуекелі - сақтандыру жағдайының басталу ықтималдылығы;

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 23-2) тармақшамен толықтырылды; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 23-2) тармақша жаңа редакцияда

23-2) сақтандыру тобы - банк конгломераты болып табылмайтын, сақтандыру холдингінен (болған кезде) жəне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, сондай-ақ сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдарынан жəне (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдарынан жəне (немесе) сақтандыру холдингі жəне (немесе) оның еншілес ұйымдары жəне (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы капиталына қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар жəне заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар тобы.

Сақтандыру тобының құрамына ұлттық басқарушы холдинг, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру холдингі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру холдингі капиталына қомақты қатысатын, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын еншілес ұйымдар мен ұйымдар кірмейді;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

24) сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) - сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметiн уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлға;

25) 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 25-1) тармақшамен толықтырылды

25-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің бірлестігі - өз мүшелерінің мүддесін қорғауды қамтамасыз ету және олардың кәсіби қызметін үйлестіру үшін қауымдастық (одақ) нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым;

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 26) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

26) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - уəкілетті органның жазбаша келісіміне сəйкес:

жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей жəне (немесе) жанама иеленуге, пайдалануға жəне оларға билік етуге;

шартқа (растайтын құжаттарға) орай не уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгеше түрде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге тікелей жəне (немесе) жанама ықпал етуге (дауыс беруге) құқылы жеке немесе заңды тұлға.

Мыналар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы деп танылмайды:

Қазақстан Республикасының Үкіметі;

ұлттық басқарушы холдинг;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды зейнетақы активтерінің есебінен иеленетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлға, сондай-ақ көрсетілген туынды бағалы қағаздардың эмитенті;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігінсіз сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары бойынша дивидендтер жəне (немесе) өзге де кіріс алуға ғана құқығы бар тұлға;

«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабының 19-тармағында аталған өзге де тұлғалар;

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды; 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 26-1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

26-1) сақтандыру холдингі - уəкілетті органның жазбаша келісіміне сəйкес:

жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей жəне (немесе) жанама иеленуге, пайдалануға жəне оларға билік етуге;

шартқа (растайтын құжаттарға) орай не уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгеше түрде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге тікелей жəне (немесе) жанама ықпал етуге (дауыс беруге) құқылы заңды тұлға.

Мыналар сақтандыру холдингі болып танылмайды:

Қазақстан Республикасының Үкіметі;

ұлттық басқарушы холдинг;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды зейнетақы активтерінің есебінен иеленетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлға, сондай-ақ көрсетілген туынды бағалы қағаздардың эмитенті;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігінсіз сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары бойынша дивидендтер жəне (немесе) өзге де кіріс алуға ғана құқығы бар тұлға;

«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабының 19-тармағында аталған өзге де тұлғалар;

27) сатып алу сомасы - жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылу мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 27-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

27-1) сервистік компания - құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша, құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару бойынша, оның ішінде:

банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуге;

өзімен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүдделерін сотта білдіруге;

борышкерден ақшаны жəне (немесе) өзге де мүлікті қабылдауға;

Қазақстан Республикасының заңдарында жəне (немесе) құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартында көзделген өзге де өкілеттіктерге қатысты өкілеттіктерге ие стрестік активтерді басқару жөніндегі ұйым, коллекторлық агенттік;

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 28) тармақшамен толықтырылды

28) сюрвейер - функциясына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру объектісін алдын ала тексеріп қарау мен бағалау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері не ақылы қызмет көрсету шартына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қызмет көрсететін заңды тұлға;

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 29) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 29) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

29) тәуелсіз актуарий - осы Заңның талаптарына сай келетін және актуарийдің есеп-қисаптарына бағалау жүргізу үшін тартылатын жеке тұлға;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 29-1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

29-1) үлестес тұлғалар - шешімді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың бірінің) қабылдайтын шешімдеріне, оның ішінде жасалған мәмілеге орай әсер етуге мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлғалар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды және ұлттық басқарушы холдингті, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғаларды қоспағанда). Ұлттық басқарушы холдинг ірі акционері болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғаларына:

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг;

дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы көрсетілген ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар;

көрсетілген ұлттық басқарушы холдингтің және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) жүз пайызы осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың лауазымды адамдары жатпайды;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 29-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

29-2) ұйымның капиталына қомақты қатысу - шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе уəкілетті орган белгілеген жағдайларда өзгеше түрде дауыс беретін акциялардың, қатысу үлестерінің, пайлардың не заңды тұлғаға немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымға үлестік қатысудың басқа нысандарының жиырма жəне одан көп пайызын өз бетінше не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей жəне (немесе) жанама иелену жəне (немесе) пайдалану жəне (немесе) оларға билік ету.

Мыналар ұйымның капиталына қомақты қатысуы бар тұлға болып танылмайды:

Қазақстан Республикасының Үкіметі;

ұлттық басқарушы холдинг;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды зейнетақы активтерінің есебінен иеленетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы;

осы Заңда көзделген жағдайларда өзге де тұлғалар;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 29-3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

29-3) ірі қатысушы - дауыс беретін акциялардың, қатысу үлестерінің, пайлардың не заңды тұлғаға немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымға үлестік қатысудың басқа да нысандарының он немесе одан көп пайызын тікелей жəне (немесе) жанама иеленетін жəне (немесе) пайдаланатын жəне (немесе) оларға билік ететін жеке тұлға, заңды тұлға, заңды тұлға болып табылмайтын ұйым.

Мыналар заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның ірі қатысушысы болып танылмайды:

Қазақстан Республикасының Үкіметі;

ұлттық басқарушы холдинг;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды зейнетақы активтерінің есебінен иеленетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы;

30) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

ҚР 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара) Заңымен 3-бап өзгертілді

4-бап. Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi

2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Сақтандыру - сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын, сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында айқындалғансақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиға басталған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі қатынастар кешенiн білдіреді.

ҚР 2006.05.07. № 164-III Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға және орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi, сондай-ақ өзара сақтандыру қоғамдарының сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты, «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметі сақтандыру қызметi болып табылады.